Атырауда көк туды аяқасты еткендер жазаға тартылады. Сотқа дейінгі тергеу басталды

Полиция тергеу барысында туды аяқ асты еткендерді тауып, жазаға тартпақ.

Атырауда көк байрақты қоқысқа тастағандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мемлекеттік рәміздің үйіндінің арасында жатқан видеосы көпшіліктің ашуын туғызды. Мыжылып жатқан ту шетелдік компанияның базасында табылған. Ағаш қалдықтарының арасында жатқан мемлекеттік туды сол маңайда жүрген тұрғындар түсіріп үлгерген.

Көк байрақты нақты кімнің тастағаны және қандай мекемеден алынғаны әзірге белгісіз. Қазір осы іске қатысты "мемлекеттің басты нышанын қорлау" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Оқи отырыңыз: Президент: Әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".