Білім вице-министрі: Грант жеңіп алған ғалымдарға жалақы төлеу тоқтатылмайды

Докторанттардың шәкіртақысы 195 мың теңгеге дейін өседі.

Ғылым саласын тұрақты қаржыландыру жалғасады. Ғалымдарға ғылыми идеяларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды, деп мәлімдеді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

"2 мыңнан астам ғалымға алған грантына қарамастан тұрақты түрде жалақы төленеді. Біз ғылыми-зерттеу институттарын материалдық-техникалық жаңарту жұмыстарын жалғастырамыз. Сондай-ақ, әр ғылыми-зерттеу институтын дамыту стратегиясын бекітеміз және жоғары оқу орны мен ғылыми институттардың тығыз қарым-қатынасын дамыту үшін арнайы кешенді шаралар қабылдаймыз", – деді Қуаныш Ерғалиев.


Оқи отырыңыз: 


Мұнымен қатар, ол 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15% артатынын еске салды.

"Педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 мың теңгеге дейін өседі", – деді вице-министр.

Еске салсақ, Маңғыстау және Түркістан облыстарына баратын үздік ұстаздарға әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы хабарлаған едік. Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".