Бишімбаевтың адвокатын қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Судьяның арызы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов полицияға арыз түсірді. Ақпаратты Астана полиция департаменті растады.

Адвокат белгісіз біреулердің қоқан-лоққыларына шағымданды. Елорданың Сарыарқа ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі – "Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта іс бойынша істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп жазылған ведомство хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың адвокаты: Бүгін түстен кейін апелляциялық шағым түсіреміз


Аудандық ішкі істер бөлімі судьядан түскен арыз бойынша тергеуді бастады. Тергеу Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі – "Сот төрелігіне және сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі жасау" бойынша жүргізілуде.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".