Елорда мектептеріне Қонаев, Бағланова, Оңғарсынованың есімі берілді

Нұр-Сұлтан қаласында 8 білім ордасы тарихи тұлғалардың есімін иеленді.

Бұл туралы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп хабарлады.

"Ономастикадағы жағымды жаңалық. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді" – деді Сәкен Есіркеп.

Әрі қарай ол қай мектептердің атауы өзгергенін бөлісті:

  • № 2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың;
  • № 3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың;
  • № 11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің;
  • № 49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының;
  • № 66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың;
  • № 69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтың;
  • № 77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың;
  • № 83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.

Еске салсақ, Талдықорғанда мұғаліміне бейәдеп сөйлеген оқушыға "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылғаны туралы хабарлаған едік. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".