Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жетті

Толқын жағаға шығарып тастаған теңіз сүтқоректілерінің саны әлі өсуі мүмкін.

Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жетті, деп хабарлайды 24kz.

Өткен аптаның сенбісінен бері Сайын Шапағатов ауылынан Сығынды мүйісіне дейінгі аралықта 137 итбалықтың өлігі табылған еді.

"Аумақтағы зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Толқын жағаға шығарып тастаған теңіз сүтқоректілерінің саны әлі өсуі мүмкін", – дейді Балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері.

Айта кетейік, Қазақстанның Қызыл кітабына енген итбалықтардың жаппай қырылу дерегі 24 қазанда Түпқараған ауданы жағажайында тіркелді. Гидробиология және экология институтының мамандары сол жерге барып, теңіз суы мен итбалық өлекселерінен сынама алды. Оның қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

"Теңіз жағасынан табылған итбалық өлекселерінің дені бүлінген. Демек, сынама алуға жарамайды. Аумақта зерттеу жүргізген ғалымдар тобы бізден енді табылған итбалық болса, бірден хабарлауды сұрады. Бақылау шаралары әлі де жалғасып жатыр", – деді облыстық балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".