Мәсімовке рақымшылық жасалмайды: Тоқаев арнайы комиссия шешімін бекітті

27 маусым күні рақымшылық жасау бойынша арнайы комиссия Мәсімовтің өтінішін қараған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алу әрекеті үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке кешірім жасаудан бас тарту керек деген шешіммен келіседі, деп хабарлады президент әкімшілігі Informburo.kz порталының сұратым хатына берген жауабында. 

Ведомство 27 маусым күні президент жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның сотталған Мәсімовтің өтінішін қарағанын еске салды. 

"Комиссия Мәсімовке кешірім жасау актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қортындысы бойынша тиісті ұсыныс жолдап, мемлекет басшысы онымен келісті", – делінген сауалға жауапта. 

Сондай-ақ президент әкімшілігіндегілер өтініш шешімімен автордың хабардар екенін атап өтті. 


Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы Кәрім Мәсімов пе? Бас прокурор жауап берді


Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұсталды.

2023 жылғы сәуір айының соңында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күштеп басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Мәсімов үкімге қарсы шығуға тырысты, бірақ апелляциялық саты жаза мерзімін өзгеріссіз қалдырды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".