Мұражайға экскурсия, мәдениет қайраткерлерін тыңдау. Антикор қызметкерлеріне қалай тәрбие бермек?

Агенттіктің тәрбие жұмысының негізгі нысандарына мәдени-демалыс іс-шаралары мен көрнекі ақпарат құралдары жатады.

Ашық НҚА порталында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жеке құраммен психологиялық және идеологиялық жұмыс қағидасының жобасы жарияланды. Жобада агенттіктегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәртібі жазылған.

Жобаға сәйкес, Антикор тәрбие жұмысының негізгі нысандарына мәдени-демалыс іс-шаралары мен көрнекі ақпарат құралдарын жатқызып, мәдениет қайраткерлерінің және басқа да шығармашылық бригадалардың сөз сөйлеуін, спорттық ойындар және басқа да мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын, мұражайларға экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бұл шаралар агенттіктің жеке құрамына жоғары рухани мәдениет пен адамгершілікті, мемлекеттік дүниетаным мен әлеуметтік белсенділікті сіңіру мақсатында жүзеге асырылады.

Жобада, сондай-ақ соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекет қайраткерлерімен тақырыптық кездесулер өткізілетіні жазылған.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".