Перизат Қайратқа қатысты тергеу шаралары қашан аяқталады

Перизат Қайрат. Фото: Instagram-нан алынған
Перизат Қайрат. Фото: Instagram-нан алынған
Екі адамға айып тағылды.

Перизат Қайратқа қатысты тергеу шаралары аяқталуға жақын. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің екі бабы - 190 (алаяқтық) пен 218 (қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру) бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Наурыздың басында біз тергеу шараларын аяқтаймыз. Оны ресми түрде жариялайтын боламыз. Одан кейін тараптар іс материалдарымен танысады", – деді Жеңіс Елемесов мәжілісте өткен брифингте.

Оның айтуынша, қылмыстық істер 100 томнан тұрады. Бұдан бөлек, заттай дәлелдер бар. Заң бойынша іс материалдарымен танысу мерзіміне шектеу қойылмайды. 

Тараптар барлық материал мен дәлелелмен танысқаннан кейін ғана сот отырысы өтетін күн белгіленеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".