Президент тапсырмасы: Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

Нұрқаділовтің есімі берілген мектепте 890 оқушы білім алады.

Алматы облысы Кеген ауылының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш-бюст қойылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ескерткіш қою туралы бастаманы 2024 жылғы қаңтар айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.

Әкімдіктің мәліметінше, Кеген ауылындағы Өнер мектебіне Нұрқаділовтің есімі берілген. Ескерткіш осы Өнер мектебінің алдына қойылған. 

"Ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз", – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрқаділовтің есімі берілген мектепте 890 оқушы білім алады.

Заманбек Нұрқаділов – әйгілі саяси қайраткер, оның өмірі мен жұмбақ өлімі әлі күнге дейін қызу талқыланып келеді. Биыл наурыз айында Алматыда оның тұрған үйінің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды. Бюсттің орнатылатыны 2024 жылғы қаңтарда жарияланған еді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".