Қазақстан білім сапасын бағалау бойынша Орта Азияда бірінші болып аккредиттеуден өтті

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бұл Қазақстанға Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бастамаларында көшбасшы болу мүмкіндігін береді.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалаудың ұлттық құралы (ББЖМ) RCEC халықаралық сапа белгісін алды. Бұл аккредитация ББЖМ-ның сенімділігі мен халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растап, оның PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулермен үйлесімді екенін көрсетеді. 

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазының айтуынша, бұл аккредитация еліміздің бағалау саласындағы мүмкіндіктерін арттырып, ББЖМ трансформациясы арқылы әзірленген тәсілдерді ұлттық білім беру жүйесіне енгізуді жоспарлап отыр. ББЖМ аккредитациясының 7 кезеңі бағалау жүйесін әзірлеу, тест базасын құру, нұсқаулық әзірлеу, цифрлық платформада тестілеуді басқару және халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді талдау сынды процестерді қамтиды.

Сонымен қатар, аккредитация нәтижесінде Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне мүмкіндік береді. ББЖМ ұлттық зерттеуінің негізінде мектеп оқушыларының білім сапасын зерделеп, әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, білім сапасын арттыру үшін әдістемелік ұсыныстар әзірлеу мақсат етілген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерінің саны артады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".