Қазақстанда үш әуе компаниясына айыппұл салынды

Тамыз айында 6 әуе қызметі тексерістен өтеді, ал шілдеде 10 әуе компаниясын іріктеп тексеру жүрді.

Көлік министрлігінің авиация әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде үш әуе компаниясы мен төрт ұшқыш әкімшілік жауапқа тартылды.

Бүгінде еліміздің авиация әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жоспардан тыс тексеріп жатыр.

Тексеру қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің келесі талаптары бұзылған:

  • командир әуе куәлігінсіз ұшқан (төрт факті тіркелді) және ол туралы әуе қозғалысы қызмет көрсету органына хабарламаған;
  • ұшу құжаттамасының болмауы;
  • әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген.

Ведомствоның мәліметінше, әуе компанияларына қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған.

Тамыз айында алты әуе қызметі тексерістен өтеді, ал шілдеде 10 әуе компаниясын іріктеп тексеру жүрді.

"Қазақстанның авиация әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын үш әуе компаниясы мен төрт ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды", – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".