ШҚО-да қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері ірі көлемде қаражат ұрлаған

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылған.

ШҚО-да облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды.

Антикор мәліметінше, Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады.

"№17 мекеме бастығының бұрыңғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".