Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Туға сегіз бұрышты жұлдыз қосылған.

Қырғызстан астанасы – Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының он бірінші саммитінде ТМҰ жаңа туы қабылданды. 

Жаңа туда Ұйымның бұрынғы туынан екі өзгешелік бар. 

  • Біріншісі – тудағы күннің ирек сәулелері түзу сызық болып өзгерді. Бұл 2023 жылдың соңында Қырғызстанның туының өзгеруімен байланысты. 
  • Екіншісі – туға сегіз бұрышты жұлдыз бейнесі қосылған. Ол – көп ғасырлық түркі мемлекеттігінің белгісі. 
Түркі мемлекеттері ұйымының жаңа туы

"Бүгін Саммитте Түркі мемлекеттері ұйымының туының жаңартылған нұсқасы қабылданды. Оның ерекшелігі – сегіз бұрышты жұлдыз қосылғанында. Қазақ хандығында, Әмір Темір заманында, Салжұқ мемлекетінде, Қарахан кезеңінде және көк түріктер тұсында кеңінен қолданылған сегіз бұрыш – төрткіл дүниеге төрелік еткен түріктің тұтастығын һәм рухани шексіздігін білдіреді. Алғаш туды қабылдағанда оған тікелей қатысымыз болған еді, мағынасы толыса түскен жаңа нұсқаны да қуана қабылдадық", – деп жазды бұл туралы сенат депутаты Дархан Қыдырәлі. 

Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымының 2025 жылғы саммиті Венгрияда өтеді. 


Оқи отырыңыз: Түркі мемлекеттері ұйымының 2025 жылғы саммиті Венгрияда өтеді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".