Ұшақта жанжал шығарған Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды

Әкімшілік іс материалдары сотқа жолданды.

Әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта жанжал шығарған. Ұшақ командирі оқиға орнына полиция шақыруға мәжбүр болған. 

Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі тіркелді, деп хабарлады көлік полициясы. 

"Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды", – делінген көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі – "Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың осы ұшақта ұшқаны, оның тағы бір жолаушымен төбелесіп қалғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".