Зеленский Киевтегі жағдай туралы: 1941 жылды еске түсіреді

Украина президенті Владимир Зеленский украин және орыс тілдерінде үндеу жасады.

Бүгін түнде Киевтің тұрғын аудандарын бомбалау басталды. Бұл 1941 жылды еске түсіреді, деді Украина президенті.

"Ерте ме, кеш пе, Ресей бізбен бұл соғысты тоқтату туралы сөйлесуі керек. Неғұрлым ерте сөйлессе, Ресейдің шығыны да соғұрлым азаяды. Оған дейін біз елімізді қорғаймыз", – деді ол.

Сондай-ақ, Владимир Зеленский ресейліктерге де үндеу жасады.

"Наразылық білдіруге шыққан Ресейдің барша азаматына біз бәрін көріп отырғанымызды айтқым келеді. Бұл сіздердің бізді естігендеріңізді және бізге сене бастағандарыңызды білдіреді. Біз үшін және соғысқа қарсы күресіңіздер", – деді Украина президенті.

Сонымен қатар, президент украиндықтарды бір-біріне азық-түлік, баспана табуға және ақпаратқа қол жеткізуге көмектесуге шақырды.

Ал, Ресей қорғаныс министрлігі не болып жатқанын әзірге түсіндірмеді. Кеше олар тек әскери инфрақұрылым нысандарына ғана соққы жасалып жатқанын айтып, тұрғын үйлерге жасалған шабуылды жоққа шығарды.


Оқи отырыңыз:


 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".